Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 20 желтоқсан - Sputnik. Павлодар қаласында полиция қызметкерлері автокөліктен азық-түлік ұрлады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Таңертеңгі уақытта қаскүнем көшпелі саудаға арналған автокөлікке заңсыз кіріп, азық-түлік ұрлаған.
"Оқиға орнын тексеру барысында полиция қызметкерлері заңға қайшы әрекет түсіп қалған бейнежазбаны тәркіледі. Күдікті жедел түрде анықталып, ұсталды. Ер адам ұрлық жасағанын мойындады, ұрланған заттар тәркіленді", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті.
Ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Полиция азаматтарға осындай заң бұзушылықтар ерекше бақылауда болатынын және бөтен мүлікті заңсыз иеленуге әрекет жасаған тұлғалар заңға сәйкес жауапқа тартылатынын ескертті.