Павлодар тұрғыны Қызық кітапқа енген 35 жыртқыш құсты үйінің аумағында ұстап келген

22.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Павлодар облысында сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар жыртқыш құстарды заңсыз иемдену және ұстау фактісі бойынша жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды, деп хабарлады қаржылық мониторинг агенттігі.

Тергеу мәліметінше, күдікті 2017 жылдан бастап "Құсбегілік" федерациясының және Қазақстанның ұлттық құсбегілік құрамасының мүшесі бола отырып, Қарағанды қаласындағы өз үйінің аумағында заңсыз тәлімбақ ұйымдастырған.

Аңшылық, қыран құстарды күтіп-баптау және емдеу тақырыбына арналған Instagram парақшасы арқылы ол табиғи мекендеу ортасынан заңсыз алынған сирек жыртқыш құстарды жеткізіп беретін адамдармен байланыс орнатқан.

"Тінту барысында оның тұрғылықты мекенжайынан 35 жыртқыш құс анықталып, тәркіленді. Олардың қатарында ителгі, бүркіт және лашын бар. Аталған құстар Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген және сирек кездесетін әрі жойылып кету қаупі төнген жануарлар санатына жатады", - деп жазылған хабарламада.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен оған тиесілі Toyota 4Runner автокөлігіне тыйым салынды.

Қазіргі уақытта құстар уақытша Қарағанды қаласының хайуанаттар бағында.

Сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін олар табиғи мекендеу ортасына жіберіледі.

Instagram* мен Facebook әлеуметтік желілері Ресейде экстремистік деп танылып, оларға тыйым салынған.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью