Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Павлодарлық дәрігерлер стоматологияға барғаннан кейін комаға түскен 3 жасар қыздың өмірі үшін үшінші тәулік бойы күресіп жатыр. Баланың туысының айтуынша, тіс емдеу кезінде бүлдіршіннің жағдайы күрт нашарлаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қыздың ауыр жағдайы туралы оның тәтесі әлеуметтік желіде айтып берді. Әйелдің сөзінше, емдеу кезінде кішкентай жиенінің денсаулығы кенет сыр берген.
"Баланың көзі шарасынан шығып, тынысы тарылды. Сол сәтте стоматолог процедураны тоқтатпай, жұмысын жалғастыра берген. Анасының жағдайдың дұрыс емес екенін айтып айғайлағанына дәрігер бұл басылады деп жауап берген", — деп жазды павлодарлық тұрғын әлеуметтік желіде.
Оның айтуынша, баланың анасы жедел жәрдем шақыруды өтінгенімен, дәрігер оған ешқандай реакция білдірмеген көрінеді.
"Әпкем жылағаннан кейін көрші кабинеттің медбикесі жедел жәрдем шақырды. Бала есінен танып, аузынан көбік ақты, ал дәрігер медициналық көмек көрсетпеді, шетке шығып кетіп, көмектесуге тырыспады, осылайша уақыт жоғалды. Қандай ем жүргізілгені және балаға не егілгені белгісіз", — деді әйел.
Ол көлік ішінде қыздың жүрегі тоқтап қалғанын, ал ауруханада жүрегі екінші рет тоқтағанын айтты.
"Бала үшінші тәулік бойы жансақтау бөлімінде ес-түзсіз, комада жатыр", - деп толықтырды павлодарлық әйел.
Баланың ауыр жағдайы туралы ақпаратты Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы да растады.
"2023 жылы туған қыз бала 21 қазанда өте ауыр жағдайда түсті. Қабылдау бөлімін айналып өтіп, бала бірден жансақтау бөліміне жатқызылды, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды, интенсив терапия жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығының және Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының мамандарымен телемедициналық консультация өткізілді. Пациентті күту тактикасы мен әрі қарайғы емдеу шаралары келісілді", - деп түсіндірді басқармадағылар.
Дәрігерлер күн сайын пәнаралық консилиумдар өткізіп, баланың жағдайын динамикада және жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бағалап отырғанын атап өтті.
Баланың тісін емдеген стоматологиялық клиника да өз ұстанымын білдірді.
"Медициналық көмек көрсету сапасы мен пациенттеріміздің қауіпсіздігі - клиниканың басты басымдығы. Барлық процедура медициналық хаттамаларға қатаң сәйкестікте жүргізіледі. Қазір жағдайдың барлық объектив мән-жайлары мен себептерін анықтау үшін ресми тексеру жүріп жатыр. Ресми тергеу аяқталғанға дейін клиника қызметкерлерінің кінәсі туралы кез келген қорытынды жасау ерте", - деп мәлімдеді клиникадағылар.
Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары зерттеп жатыр. Тексеру нәтижелері бойынша құқықтық баға берілетін болады.
Денсаулық сақтау басқармасы стоматологиялық емхананың мемлекеттік-жекешелік серіктестік аясында сенімгерлік басқаруда екенін және медициналық қызметтерді, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс шеңберінде көрсететінін хабарлады.
Астанадағы қайғылы жағдай2024 жылғы қазанда Астанадағы жекеменшік клиникада "Севоран" препаратымен жалпы наркоз астында 18 тісін емдеткен үш жасар қыз оянбай қалған болатын. Процедура 3,5 сағаттан астам уақытқа созылған.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу