Павлодарда 34 миллион теңгеден астам қарызы бар көлік айып тұрағына қойылды

26.03.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Павлодарда 34 млн теңгеден астам қарызы бар көлік айып тұрағына қойылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz мәліметінше, Павлодар облысында берешегі бар тұлғаларды анықтауға бағытталған ауқымды рейдтер өткізілуде. Патрульдік полиция қызметкерлері прокуратура және сот орындаушыларымен бірлесіп "Борышкер" профилактикалық іс-шарасын жүргізіп жатыр. Негізгі мақсат — әкімшілік қаулылардың орындалуын қамтамасыз ету және берешектерді өндіру.

— Іс-шара барысында Cadillac Escalade көлік анықталып, тоқтатылды. Тексеру барысында бұл автокөлікке иелік ететін ұйымның 34 миллион теңгеден астам өтелмеген қарызы бар екені анықталды. Жеке сот орындаушысының қаулысы негізінде автокөлік арнайы тұраққа қойылды, — деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.

Полиция азаматтарға айыппұлдар мен өзге де берешектерді уақытылы төлеу қажеттігін ескертеді. Бұл мүлікті мәжбүрлеп тәркілеу мен көлікті арнайы тұраққа қоюдың алдын алуға мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью