Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
112 шұғыл қызмет пультіне Павлодар облысындағы қыр аумағында үш адамның адасқандығы туралы хабарлама келіп түскен.
- Адамдарды іздеуге Екібастұз қаласы төтенше жағдай басқармасының қызметкерлері дереу шықты. Құтқарушылардың әрекеттерінің арқасында ер адамдар қысқа мерзімде табылып, құтқарылды, - деп хабарлады өңірлік төтенше жағдай департаментінен.
Анықталғандай, өткен түнде олар Екібастұздан 75 шақырым жерде орналасқан Төртүй ауылынан жаяу шыққан. Алайда жолда бағдар жоғалтқан.
Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болған жоқ.
Еске сала кетейік, Жетісу облысында боранды түнде жолда тұрып қалған көліктерден 73 адам құтқарылды.