Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Фото: Видеодан скринделген
Павлодар облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға кезінде қыз бала балкондағы қатып қалған мұзды сындыруға әрекеттенген. Сол сәтте мұз қолынан сусып кетіп, көшеде кішкентай баласымен өтіп бара жатқан 25 жастағы әйелдің басына құлаған.
Оқиғадан кейін мектеп оқушысы қорыққаннан болған жағдайды ата-анасынан жасырған.
«Қыздың ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олар кінәсін мойындап, болған жағдайға өкініш білдірді», делінген хабарламада.
Еске салайық, оқиға 28 шілдеде Павлодар қаласында болды. Көпқабатты тұрғын үйдің жоғарғы қабатынан құлаған мұз кесегінен әйел ауыр бас жарақатын алған болатын.