Павлодарда алғаш рет көздің қасаң қабығы трансплантацияланды

01.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Дәрігерлердің айтуынша, көздің қасаң қабығын трансплантациялау - өте күрделі ота. Мұндай оталар тек ірі республикалық орталықтарда жасалады. Ал Павлодар өңірінде алғаш рет жасалып отыр.

- 28 қаңтар күні бірінші рет донорлық материал алынды. Сол күні екі науқасқа екі ота жасалды. Ол пациенттер күту парағында тұрған еді. Ота шамамен 1,5-2 сағатқа созылды. Бүгінгі таңда облыста күту парағында 38 адам бар. Бұл - соңғы екі жылда жиналған пациенттер, - дейді Ғ.Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасының бөлім меңгерушісі Қасымхан Тілеубаев.

Көз жанары жаңарған науқастар 1956 және 1945 жылғы өңір тұрғындары. Қазір репициенттердің жағдайы тұрақты, дәрігерлердің бақылауында. Оңалуға шамамен бір жылдан аса уақыт керек.

Бұған дейін Павлодарда донор әйел төрт адамның өмірін ұзартуға себепші болғаны туралы жазғанбыз. 

Донор-әйелдің жүрегі, екі бүйрегі, бауыры және екі көзінің қасаң қабықтары алынған. Қасаң қабықтар осылайша екі адамның жанарын жақсартуға себепші болып отыр.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью