Павлодарда алимент төлемей жүрген азаматтарға іздеу жарияланды

08.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: istockphoto.com

Аймақта «ТОП-100 іздестіріліп жатқан борышкерлер» республикалық тізбесіне енгізілген азаматтарды анықтау мақсатында жұмыс топтары құрылған. Бүгінде тізімге енген алты борышкердің бесеуінің орналасқан жері анықталған. Олардың төртеуі әкімшілік жауапкершілікке тартылса, бір азамат алимент бойынша берешегін толық өтеген.

«Мәселен, 2023 жылғы желтоқсанда борышкерлердің біріне қатысты 9 млн теңге сомасына алимент өндіріп алу туралы атқарушылық іс қозғалды. Сот орындаушысы мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қабылдады. Бірақ борышкердің орналасқан жерін анықтау мүмкін болмады. Облыс прокуратурасы мен сот орындаушылары бірқатар іс-шараларды өткізгеннен кейін ғана борышкер анықталып, берешек толық көлемде өтелді», делінген хабарламада.

Сот орындаушылары енді алимент шоттарынан ақша өндіре алмайды

Қадағалау органының мәліметінше, аталған шаралар алимент бойынша берешекті өндіру ісін жеңілдете түспек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысында алимент төлемеген борышкер 6 айға бас бостандығынан айырылды. Оның алимент берешегі 4 млн теңгеге жеткен.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью