Павлодарда әріптестерімен дауыс көтере сөйлескен шенеунікті жазалау ұсынылды

20.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Павлодар облысы әділет департаменті басшысының орынбасары Айдын Сәменқұлов биылғы ақпан айының соныңда өткен қызметтік жиналыс барысында қол астындағы қызметкерлерге дауыс көтере сөйлеп, әріптестерінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіруі мүмкін сөздерді қолданған. Әріптестері оны диктофонға жазып алып, айғақ ретінде ұсынған.

- Әрине, ол жерде былапыт сөздер жоқ. Бірақ сіздің сөздеріңізден менмендік, тәкаппарлық байқалады. «Сен кімсің?», «Атың кім?» деп қайта-қайта айтасыз. Кейбір жайттарды 10 рет қайталап сұрайсыз. Мұның барлығын жаттап алуға болар еді ғой. Оның үстіне бұл сізбен кем дегенде төрт жыл бірге жұмыс істейтін қызметкеріңіз. Сіздің сөз қолданысыңызда мемлекеттік қызметшіге жатпайтын тәкаппарлық бар, - деп атап өтті Мемлекеттік қызмет істері департаменті әдеп жөніндегі кеңесінің мүшесі Амангелді Хамзин.

Департамент басшысының орынбасары кінәсін мойындаған жоқ. Айдын Сәменқұлов шағымның тек бір бөлім қызметкерлерінен түскенін түсіндірді. Сондай-ақ ол бұл тексерістің түп-төркіні өзінің әдепсіз мінез-құлқына қатысты емес деп топшылайды.

- Бұл тегіннен тегін емес. Әрине, бұл жерде айту орынсыз болар, бірақ бұл менің қызметіме байланысты деп ойлаймын. Оқудан соң қызметке келгенімде Әділет министрлігінен маған өзге облыстан қызмет ұсынды. Бірақ мен бас тарттым. Меніңше, бұл сонымен байланысты, - деп өз ойымен бөлісті шенеунік.

Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері отырыс қорытындысы бойынша шенеунікке «қатаң сөгіс» түріндегі жаза қолдануды ұсынды.

Еске сала кетейік, Павлодарда жол күтіміне немқұрайлы қараған шенеуніктер жауапкершілікке тартылды

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью