Павлодарда әскерден босатуға уәде беріп, миллиондарды жымқырған офицер жазаланды

17.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Өңірлік қорғаныс істері жөніндегі департаменті бөлімнің офицері әскерден жалтаруға көмектесуге уәде беріп, шақырылушылардан бірнеше рет ақша алған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Семей гарнизонының әскери сотының үкімінде алаяқтық жасаудың төрт эпизоды көрсетілген. Қызметтік іс-әрекетті ұйымдастыру бөлімінің офицері алғаш рет 2023 жылдың күзінде шақырылушыдан 1 миллион теңге алған. Ал 2024 жылдың маусым айында 1 миллион теңге, кейін сол жылдың қазан айында 1,4 миллион теңге алған. Ақша алудың соңғы дерегі 2025 жылдың шілдесінде тіркелген. Соңғы рет «көмек» әскери жиынға шақырылған запастағы павлодарлыққа қажет болған. 

Нәтижесінде ақша берген шақырылушылардың барлығы әскери қызметке алынбаған. Бірақ олардың бармай қалуына департамент офицерінің ешқандай ықпалы болмаған. Яғни шақырылушылар жай ғана медициналық комиссиядан өтпей қалған. Олар өздерінің алданғанын түсініп, Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментіне жүгінген.

«Сотталушы үкімнің сипаттамалық бөлігінде көрсетілген жәбірленушілердің мүлкін жымқыру уақытын, орны мен тәсілін толық растады. Ол барлық ақшалай қаражатты жымқырғанын түсіндірді. Тағылған айыпты, ақша сомасын дауламайды және жасаған ісіне толық өкінеді. Қазіргі уақытта жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды толық өтеп, олардан кешірім сұрады. Сондай-ақ соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұрады», делінген Семей гарнизоны әскери сотының үкімінде.

Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімде сарбаз соққыға жығылды: Қылмыстық іс қозғалды

Сот тараптарды тыңдап, дәлелдемелерді зерттей келе, офицердің кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді. Нәтижесінде Павлодар облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің 31 жастағы бұрынғы қызметкеріне алынған соманың 8 еселенген мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Оның сомасы 29 миллион теңгеден асады. Бұл соманы кінәлі тұлға жарты жыл ішінде төлеуі тиіс.

Қорғаныс министрлігі: Әскери басқару органдарына жоспарлы тексеру жүргізіледі

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасына құттықтау жеделхатын жолдады

Президент • Бүгін, 09:01

Елорданың жетістіктері – ел дамуының көрсеткіші

Елорда • Бүгін, 08:55

Берік Уәли: Өңірдегі өзекті мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Қаржы секторына салық салу жайы қаралды

Саясат • Бүгін, 08:45

Географиялық білімге мән беру – өмір талабы

Білім • Бүгін, 08:40

Рудныйда қазақ мектебі ашылды

Аймақтар • Бүгін, 08:35

Даналық һәм диалектика

Тұлға • Бүгін, 08:30

Бірегей археологиялық жәдігерлер көрмесі

Көрме • Бүгін, 08:28

Журналистикадан – елшілікке

Қоғам • Бүгін, 08:25

Ұлт тұтастығын айшықтайтын референдум

Референдум • Бүгін, 08:23

Қазақы болмыстың қоңыр үні

Тағзым • Бүгін, 08:20

Жауапкершілік жүктейтін сындарлы сәт

Пікір • Бүгін, 08:18

Асыл мұрамызды әлемге қалай танытамыз?

Руханият • Бүгін, 08:15

Онлайн марафон: Жаңа жобаның жай-жапсары түсіндірілді

Референдум • Бүгін, 08:13

Михаил Шайдоров – Олимпиада чемпионы!

Олимпиада • Бүгін, 08:10

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью