Павлодарда автогаз бекеттерінің үштен бірінде заңбұзушылықтар тіркелген

22.02.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Өткен жылы Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері түрлі заң бұзушылықтарға жол бергені үшін 94 автогаз бекетінің 32-сінің қызметін уақытша тоқтатқан.

– Кемшіліктердің басым бөлігі қауіпсіз арақашықтықтың сақталмауына қатысты. Құрылыс нормалары бойынша газ құю стансалары қоғамдық ғимараттардан кемінде 50 метр және жолдан 10 метр қашықтықта орналасуы тиіс, - дейді өңірлік төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Мақсат Жұмабеков.

Заң бұзушылықтар жойылғаннан кейін автогаз бекеттері өз жұмысын қайта жалғастырған.

Еске сала кетейік, қазіргі уақытта Мәжіліс депутаттары қарап жатқан жаңа заң жобасы бойынша келешекте автогаз құю станциялары резервуарларын жер астына орналастыруға міндеттеледі. 2031 жылға қарай Қазақстандағы барлық газ бекеттерінің резервуарлары жер астында орналасуы тиіс болады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью