Павлодарда балаларды ұрды деп айыпталған тәрбиеші сотталды

18.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Аталған іс сотта «Қинау» және «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау» баптары бойынша қаралды. 33 жастағы бұрынғы тәрбиеші өз кінәсін толық мойындаған. Сот ұсынылған дәлелдемелерді зерттей келе, бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

— Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3, 5-бөлімдерін негізге ала отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша жеңіл жазаны ауыр жазаға ауыстыру арқылы түпкілікті 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын, — деп үкімді оқыды Павлодар облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Жұлдыз Камалова.

Сот сотталған әйелдің кішкентай балалары бар екенін ескере отырып, жазаны өтеуді 5 жылға шегере тұру туралы шешім қабылдады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. Әзірше зардап шеккен 16 баланың кейбір ата-аналары апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігін жоққа шығармайды.

Еске сала кетейік, былтыр жазда Павлодардағы балабақшаның бірінде балаларды шашынан жұлқып, шапалақпен ұрып жатқан әйел адамның бейнежазбасы тарап кеткен еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью