Павлодарда екі баласын 5 қабаттан лақтырып жіберген әйелге сот үкімі шықты

24.11.2025

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

АЛМАТЫ, 24 қараша – Sputnik. Павлодарда екі баласын 5-қабаттан лақтырып жіберген әйелге сот үкімі шықты, деп хабарлайды облыстық сот.

Қылмыстық іс Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық режимде қаралды. Әйел 8 және 1 жастағы балаларын 5-қабаттың терезесінен лақтырып жіберген.

"Әйелдің психикалық жағдайы нашарлаған. Балалардың бірі көз жұмды, екіншісі ауыр дене жарақатын алды", - дейді сот.

Сотталушының қоғамға қауіпті екені айғақтармен дәлелденген.

Прокурор сотталушыға қатысты психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шараны қолдануға өтініш білдірді.

"Сотталушы өзінің іс-әрекетінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін түсіне алмайтын және созылмалы психикалық аурудың салдарынан оларды басқара алмайтын адам ретінде танылды", - деп жазылған сот хабарламасында.

Әйел қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Бірақ қарқынды бақыланатын мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түріндегі медициналық сипаттағы шара қолданылды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью