Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Фото: Ашық дереккөз
Күдікті З.Ф. Алекперов есірткі заттары араластырылған көкнәр тұқымдарын қарапайым дәмдеуіш пен азық-түлік өнімі ретінде көрсетіп, заңсыз сауда ұйымдастырған, оған жақын туыстары да тартылған. Олардың арасында тауарды жеткізу, сақтау, буып-түю және өткізу міндеттері нақты бөлінген.
Есірткі араласқан өнімдер өзге өңірлерден логистикалық компаниялар арқылы жеткізіліп тұрған. Саудадан түскен ақша қолма-қол және банк аударымдары арқылы да қабылданған.
Алекперов қылмыстық табысқа 2 автокөлік сатып алып, ізін жасыру үшін оларды басқа адамдардың атына рәсімдеп қойған.
Тінту кезінде есірткі қосылған көкнәр тұқымдарының дайын партиялары тәркіленді.
Сот үкімімен Алекперов пен оның екі сыбайласы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қылмыстық жолмен келген автокөліктер мемлекет меншігіне өтті, ал құрамында есірткі заты бар 321 келі көкнәр толықтай жойылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бұған дейін биылғы 4 айдың ішінде есірткі қылмыстары үшін 76 шетелдіктің ұсталғаны туралы жазған едік.