Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Желіде мас жүргізушінің рөлге отырғаны, содан кейін көлікке бірден полиция экипажы жақындап келгені түсірілген видео жарияланды. Оқиға Павлодарда болған. Желіде тараған видеоға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Желіде мас жүргізушінің рөлге отырғаны, содан кейін көлікке бірден полиция экипажы жақындап келгені түсірілген видео жарияланды. Оқиға Павлодарда болған. Желіде тараған видеоға қатысты полиция пікір білдірді, деп хабарлайды Tengri Auto.
Не болды?Кадрлардан ер адамның рөлді басқа адамға беріп жатқанын көруге болады.
Жазба авторының айтуынша, жүргізуші көлікті өз бетінше тұраққа қоюға батпай, мұны мас күйдегі көлік иесінен сұраған көрінеді.
"Сау жүргізуші" шақырттық, ол мекенжайға келген соң көлікті тұраққа қоюға қорқатынын айтты. Көлікті өзіме қоюға тура келді. Сол сәтте бірден экипаж келді", - делінген жазба мәтінінде.
Instagram-дағы бұл жарияланымды көру
АҚТӨБЕДЕГІ АВТО САТЫЛЫМ 04 (@aktobe_avtoprodazha) парақшасының жазбасы
Көлікті тұраққа қою кезінде оқиға орнына патрульдік полиция экипажы келген.
Видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін пайдаланушылар қызметкерлер мен "сау жүргізуші" қызметін көрсеткен ер адам арасында алдын ала келісім болуы мүмкін деген болжам айта бастады.
Полиция жауабыБіз пікір алу үшін Павлодар полиция басқармасының баспасөз қызметіне хабарластық. Ондағылар 18 мамырға қараған түні патрульдік полиция қызметкерлері Минин көшесіндегі үй ауласында тұрған Chery Tiggo 7 Pro көлігіне расында назар аударғанын айтты. Тәртіп сақшыларының сөзінше, көлік иесі ұзақ уақыт бойы көлікті тұраққа қоя алмай, күдік тудырған. Экипаж жақындап барып, жүргізушіні тексеруді ұйғарған.
Әңгімелесу барысында полицейлер ер адамнан алкогольді мас болу белгілерін байқап, содан кейін оны көлік басқарудан шеттеткен.
Алдын ала келісім туралы болжамға қатысты полиция видео жарияланғаннан кейін қызметкерлердің бейнежетондарынан жазбалар зерделенгенін хабарлады. Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде тараған ақпарат расталмады.
Сондай-ақ полиция жарияланған видео патрульдік полиция қызметкерлері көлік иесі рөлге отырған бойда келгендей етіп монтаждалғанын мәлімдеді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, іс жүзінде экипаж көлікті біраз уақыт бақылап тұрған.
Жүргізуші қалай жазаланды?Баспасөз қызметінің мәліметінше, жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартқан.
Полиция материалдар сотқа жіберіліп, сот шешімімен ер адам 15 тәулікке қамауға алынғанын және 8 жылға жүргізуші куәлігінен айырылғанын хабарлады. Жаза мерзімінің ұзақ болуы медициналық куәландырудан өтуден бас тартуымен байланысты.
Тағы оқыңыз: Астанада мас күйде көлік жүргізген полицей жүргізуші куәлігінен айырылды: ол шағым түсірді
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу