Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
видеодан скриншот
Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз. Жедел қызметкерлер есірткі таратумен айналыспақ болған Алматы қаласының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz
Анықталғандай, күдікті интернет-дүкен арқылы тасымалдаушы ретінде жұмыс істеген. Ол синтетикалық есірткі заттарын жасырын орындарға қалдырып, таратуды жоспарлаған.
– Күдікті өз кінәсін мойындады. Тінту барысында синтетикалық есірткі салынған орамалар тәркіленді. Сондай-ақ одан зип-пакеттер, электронды таразы және есірткіні қаптауға арналған құралдар табылды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Арсен Айгазин.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта қылмысқа қатысы болуы мүмкін өзге тұлғалар анықталып жатыр.
Бүгін, 10:35