Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Павлодарда полиция көлігін ұрлап кеткен ер адам ондаған патрульдік экипажбен қуғын ұйымдастырды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Павлодарда полиция көлігін ұрлап кеткен ер адам ондаған патрульдік экипажбен қуғын ұйымдастырды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қуғын сәті түсірілген кадрлар Threads желісінде жарияланды. @kabyltayev.kz парақшасының мәліметінше, маусымнан 29-ына қараған түні ер адам алдымен "Счастье" дүкеніне кіріп, ұрлық жасаған, содан кейін патрульдік полицияның қызметтік автокөлігін айдап кеткен.
Threads желісінен көру
Жарияланған видеоға қарағанда, құқық бұзушыны құрықтауға оннан астам патрульдік көлік жұмылдырылған.
Павлодар облыстық полиция департаменті дүкендегі ұрлық және қызметтік көлікті айдап кету деректері бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Күдікті мас күйде болған. Ұрлық жасап, көлікті айдап кеткеннен кейін ол Назарбаев пен Казправда көшелері қиылысында жол-көлік оқиғасына себепші болды. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Бұдан бөлек, қызметтік автокөлікті айдап кету дерегі бойынша қызметтік тексеріс тағайындалды. Ол көліктің қандай жағдайда қолды болғанын анықтауы тиіс.
Бұған дейін Қазақстандық бөтеннің автокөлігін ұрлап, Бурабай курортына барғаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Оралда көлік ұрлығына қатысты оқиға күтпеген жағдаймен аяқталды.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу