Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Павлодар облысында полицияның ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес жөніндегі жедел қызметкерлері ауқымды арнайы операция жүргізген. Нәтижесінде жалпы салмағы 308 келіден асатын, кептірілген марихуана тәркіленген.
Жасырын қойма гараж кооперативтерінің бірінен анықталып отыр. Күдікті жасырын орынды өзі көрсеткен. Жедел қызметкерлер тексеру барысында сұр-жасыл түсті өсімдік тектес зат салынған 13 қапты тауып алған.
— Тәркіленген зат бойынша қажетті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Есірткі құралдарын заңсыз сатып алу, сақтау және өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, — дейді Павлодар облысы полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов.
Еске сала кетейік, былтыр Қостанайда 214 адам есірткі қылмысы үшін сотталған.