Павлодарда кейбір білім беру ұйымының басшылары 10 жылдан аса уақыт ауыспаған

27.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Павлодар прокурорлары кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жүргізіп, білім беру саласында бірқатар олқылықты анықтаған. 

Қадағалау қызметі барысында облыста 63 мыңнан астам оқушы білім алатын оқу орындарында тамақтануды ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылған. Қабылданған қадағалау шараларының нәтижесінде перспективалық мәзір санитариялық талаптарға сәйкестендіріліп, ет және жеміс-жидек өнімдерін қосу арқылы кеңейтілген. Нәтижесінде балаларға ұсынылатын тағамдардың сапасына күнделікті бақылау күшейтілген.

— Тағы бір мәселе, бірқатар білім беру ұйымының басшылары бір орында 10 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келе жатыр. Заңнамаға сәйкес 7 жылдан асқан жағдайда ротация жүргізілуі тиіс. Жұмыстың тиімділігін арттыру және жаңа тәсілдерді енгізу мақсатында басшылық құрамды ротациялау және жаңарту туралы шешім қабылданды, — деп хабарлады облыстық прокуратурадан.

Аймақ бойынша үйде білім алатын 545 балаға бейінді мамандардың (логопедтер, дефектологтер және басқалар) жетіспеушілігі анықталған. Прокурорларды пәрменімен бос орындар толтырылғаннан кейін балалар қажетті оқытуға қол жеткізген.

Еске сала кетейік, мектептерде педагог-психолог сағаты енгізілмек.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью