Павлодарда көлік трамвай бағанына соғылып, жүргізуші қаза тапты

05.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алдын ала мәлімет бойынша, Geely Emgrand көлігінің жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, трамвай желісінің бағанына соғылған.

Полиция аталған жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғады. Қазіргі уақытта апаттың нақты себептері мен мән-жайы сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталуда.

Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, қозғалыс кезінде қауіпсіз жылдамдықты таңдауға және көліктің техникалық жағдайын тұрақты бақылап отыруға шақырды.

Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстанда қызметтік міндетін атқару кезінде екі полицей жол апатынан қаза тапқанын хабарлаған едік.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью