Павлодарда көліктерге жол көрсеткен ауыл мұғалімі төсбелгімен марапатталды

21.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Министр Жұлдыз Сүлейменова ауыл мұғалімінің кеудесіне «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісін тақты.

Мерекелік шара аясында саланың дамуына үлес қосып жүрген ведомство мамандары назардан тыс қалмады. Атап айтқанда, министрліктің бес қызметкеріне «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі табыс етілді. Жұлдыз Сүлейменова өз сөзінде еліміздегі оң өзгерістер мен Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан білім саласындағы іргелі реформаларға тоқталды.

— Елімізде көктем мерекесі қарсаңында Конституциямыз жаңарып, бұл тарихи қадам әз Наурызға ұласып жатыр. Осыдан жеті жыл бұрын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған іргелі реформалардың игілігін бүгінде ұстаздар қауымы мен осы саланың жұмысын үйлестіріп жүрген білім саласының мамандары анық көріп, қуанудамыз. Сіздердің еңбектеріңіз ұрпақ тәрбиесіне тікелей қатысты әрі ел болашағын айқындайды. Осынау көктем мерекесінде баршаңызға алғыс айта отырып, еңбектеріңізге жеміс тілеймін, — деді сала министрі.

Еске сала кетейік, Мария Бедрина боранда қар құрсауында қалған автоколоннаға жол көрсету үшін 4 шақырымдай жаяу жүріп, адасып қалған азаматтарды қауіпсіз жерге апарған болатын. Ауыл мұғалімі Павлодардағы мектептердің бірінде математика және информатика пәнінен сабақ береді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью