Павлодарда мемлекеттік сатып алулар заңнамасын бұзған шенеуніктер жазаланды

03.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заңның 8-бабында мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюмен сотқа жүгіну үшін 30 күндік мерзім көзделген. Өңірлік прокуратураның хабарлауынша, тапсырыс берушілер, яғни мемлекеттік мекемелер (кәсіпорындар) бұл талаптарды жүйелі түрде бұзады.

— Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 207-бабының 10-бөлігінде лауазымды адамдардың жауаптылығы көзделген. Мысалы, мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2025 жылғы 27 қарашадағы шешімімен «Екібастұз қаласы Шідерті кенті әкімінің аппараты» ММ-нің «Әмір» ЖК-ні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартылды. Себебі талапкер сотқа кеш жүгінген, — деп хабарлады прокуратурадан.

Іс материалдарына сүйенсек, өнім жеткізуші шартта көзделген мерзімдерді бұза отырып, талаптарды тиісінше орындамаған. Ал шарттық міндеттемелердің орындалуын бұзу дерегі талапкерге 2025 жылғы 15 қыркүйекте белгілі болған. Алайда талап қою 2025 жылдың 29 қазанында ғана сотқа берілген.

Аталған нормалардың сақталуын талдау нәтижелері бойынша облыс прокуратурасы Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне қадағалау актісін енгізді. Уәкілетті орган 7 лауазымды тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тартып, айыппұл салған.

Бұған дейін Павлодарда әріптестерімен дауыс көтере сөйлескен шенеунікті жазалау ұсынылған еді

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью