Павлодарда миллиондаған қарызы бар жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды

31.01.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 31 қаңтар – Sputnik. Павлодар полициясы 4 миллионнан астам берешегі бар жүргізушіні тоқтатты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Павлодарлық полиция алимент, несие және айыппұлды төлемеген жүргізушілерді анықтап жатыр.

"Маршрут барысында Атамекен кентінде "Кибер Шериф" кешені іске қосылды. Полиция қызметкерлері ВАЗ-21140 маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында 36 жастағы жүргізушінің айыппұл және несие бойынша 4 миллион 249 мың теңге көлемінде берешегі бары анықталды", - дейді қалалық патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы Жандос Мейрамғазы.

Құқық бұзушының көлігі қарыз толық өтелгенге дейін арнайы тұраққа қойылды.

Полиция жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью