Павлодарда мұзда тайып жарақат алғандар көбейді

12.12.2025

24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Павлодарда аязда үсік шалып немесе мұзда тайып жарақат алғандар көбейді. Қалалық №1 аурухананың травматалогия бөлімшесіне бұрын тәулігіне 50-60 адам жеткізілетін болса, қазір бұл көрсеткіш екі есе өскен. 

Мамандардың айтуына қарағанда, егде жастағылар мен балалардың тайып жығылуы жиілеп кеткен. Мойын омыртқасы мен ортан жілігін сындырған бірнеше қария дәрігерлердің бақылауына алынды. «Бұл ауыр жарақат болғандықтан операция жасалады», - дейді мамандар. Сонымен қатар үсік шалған 10 адам медициналық көмекке жүгінді.

Шыңғысхан Күлбеков, ортопед, травматолог:

- Адамдарға айтатыным, қазіргі көктайғақта үлкен кісілер өздері жалғыз жүрмей, дұрыс қысқы аяқ киім киіп, жол тәртібін сақтау керек. Соңғы он күннің статистикасы бар. Адамдар саны 89 болды, оның ішінде травмотология бөлімшесіне екеуі жатқызылды. Политравма бөлімшесіне жеті адам жатқызылды, барлығының жағдайы орташа дәрежелі.

Төлеужан Орымбаев, Қалалық №1 аурухананың комбустиолог дәрігері:

- Биыл қазан айынан бастап желтоқсанның 11-не дейін Павлодардың №1 қалалық ауруханасының күйік бөлімшесіне он науқас түсті. Олардың бесеуіне түрлі жарақатына байланысты хирургиялық ем жүргізілді. Ал қалған бес пациентке консервативті ем қолданылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью