Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АЛМАТЫ, 20 ақпан – Sputnik. Павлодарда бірқатар құрылыс компаниясы жүздеген миллион теңгенің мүліктік мәмілелерін жасырған.
Атап айтқанда жылжымайтын мүлік нысандарын сату бойынша мәмілелерді салықтық есеп кезінде көрсетпеген, салдарынан бюджетке елеулі шығын келген.
"Құрылыс компанияларының бірі тұрмыстық қызмет көрсетуге арналған 43 нысанды сатқан. Алайда бұл туралы мәлімет декларацияда көрсетілмеген. Компания салықтық міндеттемелерін жасырып, 77,8 млн теңге көлемінде корпоративтік табыс салығын төлемеген", - дейді облыстық прокуратура.
Осындай заң бұзушылықты тағы 12 құрылыс компаниясы жасағаны анықталды.
Павлодар облысы прокуратурасының қадағалау шаралары нәтижесінде 120 млн теңге бюджетке қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.