Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Фото: Видеодан алынған кадр
Өрт кезінде екі адам, оның ішінде бір бала құтқарылып, түтіннен улану белгілерімен ауруханаға жеткізілген.
Сондай-ақ 2003 жылы туған қыз өрт сөндірушілер келгенге дейін өз бетінше құтылуға әрекет жасап, екінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, зардап шегуші 12 маусым күні сағат 04:25-те Павлодар қалалық №3 ауруханасына жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол сағат 05:50-де көз жұмды.
Марқұмның нақты неден қайтыс болғанын анықтау үшін мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Айта кетейік, бүгін Астананың орталығындағы Триатлон саябағы аумағында өрт шықты.
Көкшетауда өртеніп жатқан үйден 3 газ баллоны сыртқа шығарылды.