Павлодарда қар күреу жұмыстары тәулік бойы жүргізіліп жатыр

07.01.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Жергілікті коммуналдық қызметтер кешеден бастап-ақ қарды үздіксіз күреп, сыртқа шығарып жатыр.

Павлодар қаласы әкімдігінің мәліметінше, көшелерді тазалау 250 жұмысшы, 300 арнайы техника жұмылдырылған. Ылғал көп түскен уақытта коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшеді.

- Көшелердің жүріс бөліктері мен жолдар қардан, қатып қалған мұздан аршылып жатыр. Жұмыстар екі ауысыммен жүріп жатыр. Күндізгі ауысым сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істесе, түнгі ауысым сағат 21.00-ден 06.00-ге дейін қызмет етеді, - деп мәлімдеді әкімдіктен.

Әуелгі кезекте орталық көшелер, жаяу жүргіншілер жолдары, әлеуметтік мекемелер мен тұрғын үйлердің кірме жолдары қардан аршылып жатыр. Жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар себіліп, қарды механикаландырылған күрекпен жол жиектеріне жинау жүргізіліп жатыр. Автобус және трамвай аялдамаларындағы жолаушыларды түсіру орындарының тазалығы да назарда.

Қыс басталғалы облыс орталығынан шамамен 180 мың тоннадан астам ақ ұлпа шығарылған.

Еске сала кетейік, Өскеменде қар тазалайтын мердігер ұйымдар тапшы.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью