Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Ертіс-Баян өңіріндегі салықтық тексерулер саны 20%-ға кемігені анықталды.
— Біздің страгетиялық міндетіміз тексерулер санын барынша қысқарту және олардың сапасын ұлғайту болды. Нәтижесінде тексерулер саны 20%-ға қысқарды. Ал бюджетке түсетін қосымша салықтардың 150%-ға өскені тіркелді, — дейді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Ержан Тоқтарханов.
Мемлекеттік бюджетке түсімдер 849,6 млрд теңгені құрап, бұл көрсеткіш 2024 жылға қарағанда 18,6%-ға артқан. Өсім133 млрд теңгені құрап отыр. Осылайша тексерулер санының қысқаруы өз тиімділігін байқатып отыр.
Ал департаменттегі мемлекеттік қызметтердің 99%-ы электрондық форматта көрсетілген.
Еске сала кетейік, Қазақстанда салық декларациясын автоматты түрде тапсыру мүмкіндігі іске қосылды.