Павлодарда тарифтік сметадан ауытқыған монополист жазаланды

18.04.2026

Inform.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

ҚР «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 26-бабына сәйкес табиғи монополия субъектісі бекітілген тарифтік сметаны орындауға міндетті.

— Алайда «Павлодар-Водоканал» ЖШС-ның сарқынды суларды бұру және тазарту жөніндегі қызметтеріне тарифтік сметаның орындалуына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша бекітілген тарифтік сметада көзделген мөлшерлердің бес пайызынан астамына 948,6 мың теңге сомасына шығындар баптарының орындалмағаны анықталды, — деп хабарлады департаменттен.

Осыған байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментімен «Павлодар-Водоканал» ЖШС-не қатысты әкімшілік іс қозғалған. Қазіргі таңда 3 460 000 теңге көлеміндегі әкімшілік айыппұл мемлекеттік бюджетке төленген.

Бұған дейін Қызылорда облысында тексеруден кейін су тарифі төмендегенін жазғанбыз. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью