Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5512 әскери бөлімінің әскери жасағы патрульдеу кезінде пышақ қолданып, жанжалдасқан азаматтар тобын құрықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Ертілек Мергембаев пен патрульші Бақұлан Хамитхан оқиға орнына жеткенде бұзақылар жасырынуға тырысқан. Алайда әскери қызметшілер жедел әрекет етіп, қолдарында пышақтары бар екі күдіктіні ұстады.
– Күдіктілер мас күйде бір-біріне пышақ сермеген. Жекпе-жек тәсілдері арқасында мен құқықбұзушыларды жылдам залалсыздандыра алдым. Бірінші кезекте сол маңдағы азаматтардың қауіпсіздігі туралы ойладым. Қуанышқа орай, ешкім зардап шеккен жоқ, – дейді қатардағы жауынгер Ертілек Мергембаев.
Шапшаң қабылдағанған шаралардың нәтижесінде екі азамат ұсталды. Тексеру барысында олардан екі пышақ тәркіленді. Болған оқиға туралы ақпарат кезекші желі арқылы дереу баяндалды. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.