Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Павлодар облыстық балалар ауруханасында көзінен ауыр жарақат алған үш жасар қыз балаға шұғыл медициналық көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, бала абайсызда қайшыны көзіне кіргізіп алған. Ата-анасы жарақаттың ауырлығын бірден аңғармаған. Тек баланың көзі қатты қызарып, жасаурап, жарыққа қарай алмай қалған кезде ғана дәрігер көмегіне жүгінген.
Мамандар балаға қасаң қабықтың тесіп өткен жарақаты және көздің ішкі қабықтарының сыртқа шығуы диагнозын қойған.
Офтальмологтар дереу шұғыл ота жасады. Дәрігерлер қасаң қабықтағы жыртылған бөлікті тігіп, көздің анатомиялық тұтастығын қалпына келтіру бойынша жоғары дәлдікті талап ететін күрделі микрохирургиялық операция жүргізді. Ота офтальмологтар мен анестезиология қызметі мамандарының бірлескен жұмысы нәтижесінде толық құрамда өткізілді.
Павлодар облыстық балалар ауруханасы мамандарының үйлесімді іс-қимылының арқасында баланың көзі мүше ретінде сақталып қана қоймай, көру қабілетін де сақтау мүмкін болды. Отадан кейінгі кезең тұрақты бақылауда өтті. Қыз балаға қажетті ем тағайындалып, жағдайы тұрақтанып, оң динамика байқалды.
Қазіргі уақытта бала амбулаторлық бақылауға жіберіліп, үйіне шығарылды.