Павлодарда үскірік аязға байланысты баспанасы жоқ адамдар анықталып жатыр

14.01.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Павлодарда құтқарушылар мен полицейлер басында баспанасы жоқ адамдарды аязды күндері үсіктен аман алып қалудың амалына кірісті. Бірлескен рейд нәтижесінде ондаған азамат арнайы әлеуметтік орталыққа апарып орналастырылды.

Фото: Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

- Көше кезіп жүретіндер суық күндері жылу құбырларына, кәріз құдықтарына түсіп бой жылытады немесе бос тұрған ғимараттарға кіріп от жағады. Кей жағдайда оларды үсік шалып, соңы қайғылы жағдаймен аяқталып жатады. Әлгіндей ықтимал жайттардың алдын алу мақсатында бірлескен рейдтер ұйымдастырып жатырмыз. Соңғы рет 12 адамды іздеп тауып, баспанасы жоқ азаматтарды қабылдайтын арнайы орталыққа әкеліп тапсырдық, - дейді Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы бастығының орынбасары Тілекжан Галямов.

Фото: Павлодар қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы

Күннің суытуына байланысты орталыққа өз бетімен жүгініп жатқан адамдар да бар. 150 орынға есептелген орталықта қазір 140 адам тұрып жатыр. Мамандар барлық келушіге қажетті әлеуметтік қолдау көрсетілетінін айтады. Мұнда адамдар уақытша жатар орынмен қамтылып, 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі.

Еске сала кетейік, қаңтар айының соңында Павлодарда 41 градусқа дейін аяз болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью