Павлодарда жаңа трамвайлар жолға шықты

14.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Қазіргі уақытта Павлодар қаласында 11 трамвай бағыты жұмыс істейді. Күн сайын желіге 83 трамвай шығып, қала орталығының тұрғындарына, өндірістік кәсіпорын жұмысшыларына да қызмет көрсетеді. Жыл сайын бұл экологиялық көлік түрімен 15 миллионға жуық адам жол жүреді.

Фото: Артем Викторов

Жаңа вагондар 160 адамға шақталған, оның 36-сы — отыратын орын. Басты ерекшеліктерінің бірі — автономды жүру мүмкіндігі, яғни электр желілерінсіз қозғала алады. Батарея арқылы вагондар 60 км/сағ жылдамдықпен 20 шақырымға дейін жүреді.

Фото: Артем Викторов

Мұндай трамвайлар жаңа бағытты іске қосу мақсатында арнайы сатып алынған. Биыл «Достық» шағын ауданында трамвай желісінің құрылысы басталады.

— Желі бойынша мердігер анықталды, жер жағдайы мүмкіндік берген бойда іске кіріседі. Себебі жол төсеуге қатысты қиындықтар бар, ол жерді тазарту керек. Жоба техникалық тұрғыдан күрделі болғандықтан, оны келесі жылдың жазының соңына дейін толық аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз, — деді Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов.

Еске сала кетейік, жаңа вагондар Павлодарға 2025 жылдың соңына дейін жеткізілуі тиіс болатын. Алайда Беларусь еліне салынған санкцияларға байланысты шарт жасасу кезінде қиындықтар туындаған еді.

Фото: Артем Викторов

Бұған дейін Беларусь трамвайлары Павлодарға не себепті жеткізілмей жатқанын жазған болатынбыз

Ал биылғы жыл басында «Д. Д. Махмудов атындағы Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ акциялар пакеті «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясынан Павлодар облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне берілді

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью