Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекеме басшысы Аждар Жүсіповтің айтуынша, қала тұрғыны таңғы жүгіру кезінде өзеннің сол жағалауынан жарақаттанып қалған жануарды байқап, 109 қызметіне хабарласқан.
Фото: Аждар Жүсіпов- Мамандар жеткенше, жабайы жануарға сол маңда серуендеп жүрген зейнеткерлер бас-көз болған. Олар орманшыларды күтіп алып, жануарды тапсырды. Орманшылар оны қарап шығып, артқы аяқтары жарақаттанғанын анықтады. Болжам бойынша қаңғыбас иттердің немесе өзге де жануарлардың шабуылына ұшыраған болуы мүмкін, - дейді Аждар Жүсіпов.
Қазір елік Павлодар ауылындағы белсенді демалыс орталығына жеткізілді. Онда ветеринар дәрігер тексеріп, қажетті ем-дом тағайындайды.
Фото: Аждар ЖүсіповБұған дейін павлодарлық орманшылар жарақаттанып қалған аққуды құтқарғанын жазған едік.
Одан кейін ауыл тұрғыны аязда қалып қойған қос аққуды құтқарды.
Ал Маралды ауылының тұрғындары сыңарынан айрылып, жалғыз қалған аққуды тауып алған.
Орманшылар аталған аққулардың жағдайын тексерді. Олардың мәліметінше, құстардың жағдайы жақсы.