Павлодардағы банкте петарда атқан зейнеткерлердің жағдайы белгілі болды

16.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Павлодарда банк бөлімшесіне торт апарып, петарда тұтатқан зейнеткерлердің жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

15 шілдеде Павлодар облыстық ауруханасына 1951 жылы туған әйел мен 1948 жылы туған ер адам жеткізілген.

"Әйел оң қолы мен білегінен жарақат алған. Сондай-ақ беті, мойны және екі аяғы I-II дәрежелі термиялық күйік алған. Көзі де жеңіл дәрежеде күйген. Оған травматологиялық және офтальмологиялық көмек көрсетілгеннен кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберіледі", – деді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ал ер адамға жеңіл дәрежелі көз күйігі диагнозы қойылды. Оған офтальмологиялық көмек көрсетіліп, кейін тұрғылықты жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілген.

Еске салайық, Павлодарда алаяқтардың сөзіне сенген зейнеткерлер банк бөлімшесіне торт алып барып, сол жерде петарда тұтатқан.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью