Павлодардағы боран: 100 ден аса адам құтқарылды, бір адам қаза тапты

11.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Павлодар облысында қатты боран мен желге байланысты барлық жолдар жабылып, төтенше жағдай қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Боран салдарынан Баянауыл ауданында мал қарауға шыққан 1980 жылы туған ер адам көз жұмды. Оның мәйіті фермадан екі шақырым жерден табылды.

Бір тәулік ішінде құтқарушылар 107 адамды құтқарып, 6 бала мен 62 адамды эвакуациялады. 195 адам жылыту пункттеріне орналастырылды.

Синоптиктердің болжамынша, желдің жылдамдығы 23–28 м/с дейін жетіп, боран алдағы күндері де жалғасуы мүмкін. Мамандар тұрғындарды алыс жолға шықпауға шақырады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью