Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Белгілі болғандай, зардап шеккен әйелдің аяқтары, қабырғалары, жамбас сүйектері сынған және миына зақым келген. Науқасқа уақытша бекітпе орнату бойынша ота жасалған. Қазіргі сәтте жансақтау бөлімшесінде жатыр. Дәрігерлер пациенттің жағдайын ауыр, бірақ тұрақты деп бағалап отыр. Ол есін біледі және жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.
— 1979 жылы туған кран машинисі зардап шеккені анықталды. 30 наурыз күні түнде 15 метр биіктіктен құлаған. Оқиғаның мән-жайы, себептері тергеу-тексеру шараларынан кейін белгілі болады, — деп хабарлады Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті өңірлік департаментінің басшысы Асқар Қапанов.
Еске сала кетейік, Алматы маңында автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам зардап шекті.