Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, таңғы сағат 8:40–8:50 аралығында өрт болған жерден төрт бала Ертіс аудандық ауруханасына жеткізілген. 2018 және 2021 жылы туған екі ұл бала көмірқышқыл газынан уланып, ауыр дәрежеде күйік алған. Реанимациялық шараларға қарамастан, олар есін жимастан көз жұмды. Тағы екі бала аудандық ауруханадан Павлодар қаласына жеткізілді.
— 2015 жылы туған бала өте ауыр, тұрақсыз жағдайда, күйіктік шок жағдайында жатыр. Жансақтау бөлімшесіне жатқызылды. Күйік денесінің 46 пайызын шарпыған, сондай-ақ тыныс алу жолдарының күйігі анықталды. Науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, қарқынды терапия және реанимациялық іс-шаралар жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы.
2010 жылы туған баланың денесінің 1–2 пайызы күйіп, қол саусақтарынан жарақат алған. Жағдайы тұрақты, травматология бөлімшесіне жатқызылды.
Еске сала кетейік, 15 қаңтар күні таңертең Павлодар облысы Иртышск ауылында жеке тұрғын үйде өрт шыққан. Өрт болған сәтте үйде төрт кәмелетке толмаған ағайынды бала жалғыз болған, аналары жұмыста жүрген. Өкінішке қарай, екі бала қаза тапты.