Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін әлеуметтік желіде Азамат есімді санитардың пациенттерді ұратыны жайында ақпарат тараған болатын. Осыған байланысты қызметтік тексеріс жүргізілді.
Орталық директоры орынбасарының міндетін атқарушы Александра Бухаринаның айтуынша, Азамат есімді санитар №2 ерлер бөлімшесінде жұмыс істемейді. Бөлімшеде 45 пациент бар.
"Пациенттер тарапынан қызметкерлердің жұмысына және емделу жағдайларына қатысты ешқандай шағымдар мен наразылықтар түскен жоқ", - дейді Бухарина.
Ерлер бөлімшесінде тәулік бойы жұмыс істейтін бейнебақылау жүйесі де бар. 10 камераның жазбалары толығымен зерделенді. Желіде айтылған ақпарат расталған жоқ.
Орталық мекеме қызметкерлерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін және заңды мүдделерін қорғау үшін тексеріс материалдарын полиция жіберуді жоспарлап отыр. Соның негізінде жалған ақпарат таратқан тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.