Павлодардан 200 шақырым жерде жер сілкінісі болды

18.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бүгін түнде Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын аумақта жер сілкінісі тіркелді. Оның эпицентрі Павлодар қаласынан шамамен 200 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның ұлттық деректер орталығына сілтеме жасап.

Орталық мәліметінше, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 02:09-да болған. Жер асты дүмпуінің магнитудасы 4,9, энергетикалық класы 10,9 болған.

Мұндай магнитудадағы жер сілкінісі эпицентрге жақын аумақта анық сезілуі мүмкін. Терезелер дірілдеп, үйдегі заттар теңселуі ықтимал. Алайда айтарлықтай қираулар мұндай жағдайда сирек кездеседі.

Дереккөз: Google карталары

Бұған дейін Жамбыл облысында бір апта ішінде үш жер сілкінісі тіркелген еді. Олардың ең қуаттысының магнитудасы 4,5 болған. Жер асты дүмпулері шамамен 2–4 балл деңгейінде сезілген.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью