Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..
Бұл туралы Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасынан хабарлады.
— Павлодар ауданында қансорғыш жәндіктерге қарсы жоспарлы дезинсекция жұмыстарының басталғанын хабарлаймыз. Мамандар ауылдар маңында тас жол бойындағы уақытша су айдындарын өңдеуге кірісті. Жұмыстар ғылыми топтың ұсыныстары бойынша және Павлодар ауданы әкімдігінің бақылауымен жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады басқармадан.
Павлодар ауданы Ертіс өзені бойында орналасқан. Бұл аумақтың тұрғындары көктем мен жазда шыбын-шіркейдің шабуылында қалады.
Еске сала кетейік, биыл Павлодар өңірінде шыбын-шіркейді улауға дрондар жұмылдырылады.
Қолданылатын биологиялық препараттардың көлемі өткен жылмен салыстырғанда бірден 51 пайызға артады. Ал әуеден өңделетін алқаптардың көлемі 172 мың гектарға дейін жеткізіледі деп жоспарланған. Сондай-ақ өзен арқылы өңдеу көлемі 52 пайызға ұлғаяды.