Павлодарға кіре берісте төрт көлік соқтығысты: қаза тапқандар мен зардап шеккендер бар

18.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Павлодарға кіреберісте төрт автокөлік соқтығысты. Түнде болған жол-көлік оқиғасынан бір адам қаза тауып, зардап шеккен алты адамның үшеуі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ауыр жол апатының салдарын куәгерлер видеоға түсіріп алған. Instagram желісінде жарияланған кадрлардан үш қираған көлікті көруге болады, олардың бірі қатты соққыдан темір үйіндісіне айналған.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Александрдың (@pavlodar_budni) жарияланымы

Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының мәліметінше, шақырту 17 қыркүйек күні сағат 22:05-те түскен.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Александрдың (@pavlodar_budni) жарияланымы


Алты минуттан кейін оқиға орнына төрт жедел жәрдем бригадасы мен апаттар медицинасы орталығының бригадасы жетті.

"1977 жылғы ер адамның қаза тапқаны анықталды. Сондай-ақ 2003, 2004 және 2006 жылғы тағы алты жасөспірім түрлі жарақаттармен Павлодардағы №1 қалалық ауруханаға жеткізілді", - деп ақпарат берді Павлодар облыстық жедел медициналық жәрдем станциясы.

Дәрігерлердің ақпараты бойынша, олардың үшеуінің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Тағы екі зардап шегуші политравма және травматология бөлімшелеріне жатқызылды. Жол апатына қатысушылардың бірі амбулаториялық емделуге жіберілді.

"Павлодар-Кенжекөл автожолында УАЗ Патриот, Audi 100, BMW және Lada Priora автокөліктерімен болған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады", - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Осындай апаттардың алдын алу үшін полицейлер жол қозғалысы ережелерін және жылдамдық режимін, әсіресе қозғалыс қарқынды учаскелерде қатаң сақтауға шақырды.

Алғашқы жаңбыр көктайғақтан да қауіпті: сарапшы күзде көлік жүргізу ережелерін айтты

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью