Педагогтер қағаз және электрондық есепті қатар жүргізу міндетінен босатылады

29.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мәжіліс «Педагог мәртебесі және білім беру мәселелері туралы» заң жобасын және оған ілеспе түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттар педагогтердің құқығы мен мүдделерін заңнамалық деңгейде қорғауды күшейту мақсатымен депутаттардың бастамасымен әзірленген, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Негізгі өзгерістердің бірі – педагогтердің білім алушылар үшін жауапкершілігін тек оқу процесі аясында белгілеу. Ал балалардың өмірі, денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін ата-аналардың жауапкершілігі кеңейтіледі.

Сонымен қатар педагогтерді қағаз және электрондық форматта бір мезгілде есеп жүргізу міндетінен босату қарастырылған. Яғни білім беру ұйымдарында есептілікті қатар жүргізуге тыйым салынады, бұл мұғалімдердің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.

Тағы бір маңызды жаңалық – орта білім беру ұйымдарында ұялы құрылғыларды пайдаланудың бірыңғай ережелері енгізіледі. Бұл оқыту процесін жүйелеуге және тәртіпті нығайтуға бағытталған.

Құжатта сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар деңгейінде мектеп оқушыларын ғылыми жұмысқа тарту шаралары көзделген. Бұл жас ұрпақтың зерттеушілік қабілетін дамытуға жол ашады.

Білім саласындағы өзгеріс: Мұғалімдер үшін авторлық бағдарлама жазу талабы жойылады

Бұдан бөлек, Үкімет бастамасымен жетекші шетелдік университеттердің Қазақстанда жұмыс істеуіне қолайлы құқықтық орта қалыптастыру қарастырылған. Филиалдар мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары сақталған жағдайда ашылады.

Жалпы, ұсынылған түзетулер білім беру жүйесін жетілдіруге, педагог мәртебесін арттыруға және оқу процесін тиімді ұйымдастыруға бағытталған.

Аттестация жүйесіндегі өзгерістер: Тест тапсырып үлгермегендердің санаты сақтала ма?

Соңғы жаңалықтар

VI Азия жағажай ойындары: Су добынан Қазақстан құрамасы қола жүлде еншіледі

Спорт • Бүгін, 13:40

Мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендия саны екі есе артады

Мәдениет • Бүгін, 13:28

Еңбек инспекторлары мыңнан астам жұмысшының жалақысы төленбегенін анықтады

Қоғам • Бүгін, 13:12

Депутаттар медициналық білім беру жүйесін 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды

Медицина • Бүгін, 13:02

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Бабиш шағын құрамда келіссөз жүргізді

Президент • Бүгін, 12:57

Зеленский: Ресей шабуыл операцияларын жоспарлап, мобилизацияны кеңейтуді көздеп отыр

Әлем • Бүгін, 12:52

Отандасымыз Закир Найманбаев UFC лигасында үздік үштікке енді

Спорт • Бүгін, 12:42

Алматыдағы медициналық мекеме науқастардың денсаулығына қауіп төндіретін құрылғыларды пайдаланған

Медицина • Бүгін, 12:37

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Парламент • Бүгін, 12:27

Президент Ақордада Чех Республикасының Премьер-министрін қарсы алды

Президент • Бүгін, 12:15

Жайдарманшы мен филолог: Күрес федерациясындағы кадрлық шешімдер қызу талқыға түсті

Спорт • Бүгін, 12:10

АҚШ-та Трамптың бейнесі бар мерейтойлық паспорттар шығарылады

Әлем • Бүгін, 11:53

Тәуелсіз сауалнама: Халықтың басым бөлігі Президентке сенім білдірді

Қоғам • Бүгін, 11:47

«Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» эпосы желісімен ЖИ-фильм түсірілді

Жасанды интеллект • Бүгін, 11:35

Алпамыстың ұрпағы әлжуаз...

Пікір • Бүгін, 11:25

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью