Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Жуырда еріктілер қозғалысының мүшелері осы бағыттағы тағы бір тәжірибесін іске асырды.
– Педофилдердің айқын белгілері – баланың сеніміне кіруге тырысу, арадағы әңгімені құпия сақтау үшін манипуляция жасау және онлайн байланыс арқылы шынайы өмірдегі кездесуге шақыру. Педофилдікке баруы мүмкін кісілердің мінез-құлық сипаттамасын растау мақсатында эксперимент үшін 13 жастағы қыздың аккаунты ашылды. Сондай ниетті азаматтардың бірі бірден табылып, табандылық танытты. Жылы сөз айту, мақтау, сезімін білдіру, баланың назарын аударуға тырысу көп ұзамай кездесуге шақыруға ұласты. Еріктілер оған кинорумде кездесу ұйымдастырып, күтіп алды, - делінген бізге жіберілген хабарламада.
Қозғалыс мүшелері И. атты азаматты құрықтап, полицияға тапсырған. Сарыарқа ауданы ПБ оны алғашқы есепке алу кітапшасына тіркеді.
– ҚР ҚПК 32-бабы 2-тармағының талаптарына сай, ҚК-де көзделген қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы істер жекеше айыптау істері болып есептеледі. Осы істер бойынша іс жүргізу жәбірленушінің шағымы бойынша ғана басталады және оның айыпталушымен, сотталушымен татуласуына орай тоқтатылады. Жоғарыда көрсетілген норма негізінде № 267113030001810 санымен тіркелген материалды зерделей келе, қылмыстық құрамы болмауына байланысты номенклатуралық іске № 34/10-5-1810 санымен қараусыз қалдырылғанын хабарлаймыз, - делінген полиция жауабында.
Айта кетейік, бұған дейін тараздық белсенділер полицияға педофилді ұстап бергенін жазғанбыз.
Ал, Өзбекстанда педофилдер енді өмір бойына сотталуы мүмкін.