Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
CNBC телеарнасының материалы негізінде Aikyn.kz Пентагонның ЖИ-ді шектеусіз қолдану құқығын иемдену талабын түсіндіреді.
Anthropic америкалық әскерилердің жасанды интеллект модельдерін пайдалануына қойылатын шектеулерді алып тастауға қарсылық білдірген. Сондықтан Пентагон ЖИ жүйелерін әзірлеушімен ынтымақтастықты тоқтату мүмкіндігін қарастыруда.
Пентагон Anthropic -тен басқа жасанды интеллектпен айналысатын 3 компанияға қысым жасап, әскери құрылымдарға олардың модельдерін қару-жарақ әзірлеу, барлау деректерін жинау және ұрыс қимылдары үшін пайдалануға рұқсат беруді талап еткен. Алайда компаниялар бұл шарттармен келіспеген, ал Пентагон бірнеше айға созылған келіссөздерден шаршаған сияқты. Басқа компаниялардың қатарында OpenAI, Google және xAI болған.
Anthropic компаниясының өкілі олардың Claude атты ЖИ моделін нақты операциялар үшін пайдалану мәселесін Пентагонмен талқыламағанын мәлімдеді. Өкілдің айтуынша, АҚШ үкіметімен жүргізілген келіссөздер бойынша осы уақытқа дейін модельдерді пайдалану саясаты толық автономды қару жасауға және жаппай ішкі бақылауға шектеу қойып келген. Пентагон Reuters агенттігінің осы мәселе бойынша жолдаған сұрауларына жауап бермеген.
Anthropic компаниясының Claude жасанды интеллект моделі АҚШ әскерилерінің Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуроны ұстау операциясында қолданылған. Claude-ты қолдану Anthropic пен деректерді өңдеумен айналысатын Palantir компаниясының серіктестігі арқылы мүмкін болған. Бұл туралы жұма күні Wall Street Journal газеті хабарлады.
Сәрсенбі күні (11 ақпан) Reuters те Пентагон OpenAI мен Anthropic-ті қоса алғанда, ЖИ саласындағы жетекші компанияларға қысым жасап, олардың ЖИ құралдарын құпия желілерде көптеген стандартты шектеулерсіз пайдалануға қолжетімді етуін талап етіп отырғанын хабарлаған.