Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Қайырымдылық қаражатын жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың Mercedes-Benz S450 көлігін аукционға қою туралы хабарландыру жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
Фото: Электрондық сауда порталы
Құны – 79 415 000 теңгеге бағаланып отырған көлік 7 сәуір күні сағат 10:00-де сатылымға шығарылады.
Әзірге аталған автокөлікті тек мемлекеттік мекеме немесе мемлекеттік кәсіпорын ретінде тіркелген заңды тұлғалар ғана сатып ала алады. Олардың қатарында әлеуметтік қызмет көрсететін жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру мекемелері, мектепке дейінгі және орта білім ұйымдары, уақытша орналастыру орталықтары, сондай-ақ медициналық-әлеуметтік мекемелер бар.
Егер көлік осы санаттағы ұйымдарға берілмесе, кейін ол барлық ниет білдірушілер үшін ашық саудаға шығарылады.
Еске салайық, 2025 жылғы 25 шілдеде Перизат Қайрат 10 жылға бас бостандығынан айырылған. Сонымен қатар, ол қайырымдылық үшін табысталатын «Шапағат» мемлекеттік медалінен айырылды.
Сот үкіміне сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы (оған да айыптау үкімі шыққан) 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы сомасы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық шығынды өтеуге міндеттелді. Бұдан бөлек, олар 22 млн теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын және әрқайсысы 698 мың теңгеден сот шығындарын төлеуі тиіс.
Соңғы жаңалықтар
Мемлекет басшысы Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды
Президент • Бүгін, 12:37
Көші-қон заңнамасын бұзған 132 шетелдік ел аумағынан шығарылды
Заң • Бүгін, 12:34
Шымкентте Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы өтіп жатыр
Қазақстан • Бүгін, 12:24
С.Сейфуллин атындағы университет алғаш рет QS WUR by Subject 2026 рейтингіне енді
Білім • Бүгін, 12:10
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу қиындайды
Қаржы • Бүгін, 11:55
Қаржылық мониторинг агенттігі ескертеді: Дипфейк видеолар мен жалған сауалнамаларға сенбеңіз
Қоғам • Бүгін, 11:43
Олжас Бектенов ЕАЭО аумағында жүк тасымалын реттейтін ЖИ платформасын құруды ұсынды
Жасанды интеллект • Бүгін, 11:42
Алатау қаласы жаңа мәртебеге ие болды: Мәжіліс тиісті заңды қабылдады
Заң • Бүгін, 11:24
Ербол Хамитовқа «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағы берілді
Спорт • Бүгін, 11:15
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат: Қазақстан тәжірибесі Францияда таныстырылды
Жемқорлық • Бүгін, 11:08
Енді Астанадан Талдықорғанға тікелей пойыз қатынайтын болады
Логистика • Бүгін, 10:45
АҚШ тарихында алғаш рет: Долларға Трамптың қолтаңбасы қойылады
Әлем • Бүгін, 10:26
Ламин Ямаль «Алтын доп» иегері атануы мүмкін бе? Жаңартылған рейтинг жарияланды
Футбол • Бүгін, 10:23
Театр көрермені көбейді: Былтыр 2 миллионнан астам адам қойылым тамашалаған
Театр • Бүгін, 10:12
Тестілеу кезінде ережелерді бұзған 82 талапкердің нәтижелері жойылды
Білім • Бүгін, 10:09