Перизат Қайраттың тағы бір қымбат көлігі аукционға шығарылды

23.06.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Фото: e-sauda.com

Астана қаласының Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті ақ түсті Mercedes-Benz EQE 500 4Matic автокөлігін электронды саудаға шығарды. 111KPK01 мемлекеттік нөмірлі темір тұлпар 26 млн 269 мың теңгеге бағаланып отыр.

Хабарламаға сәйкес, аукцион 9 шілде күні сағат 10:00-де басталады. Алғашқы кезеңде өтінімдерді тек құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдар, сондай-ақ Президент қызметін, саяси мемлекеттік қызметшілер мен Парламент депутаттарының жұмысын қамтамасыз ететін ведомстволар ғана бере алады. Егер көлік мемлекеттік органдарға берілмесе, кейін барлық азаматтар үшін ашық саудаға шығарылады.

Бишімбаев пен Перизат Қайратқа рақымшылық жасала ма? ІІМ вице-министрі жауап берді 

Айта кетейік, Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша барлығы төрт автокөлік тәркіленген. Бұған дейін Mercedes-Benz S450 мен Haval H6 GT аукцион нәтижесінде Астана қаласы полиция департаментінің қарауына берілген. Ал тәркіленген Lexus LX 600 ұлттық қауіпсіздік органдарының пайдалануына тапсырылған, алайда нақты қай мекеменің иелігінде екені жарияланбады.

Еске салайық, 1,5 млрд теңгені жымқырды деген айыппен сот Перизат Қайратты 10 жылға, ал анасы Ғайни Алашбаеваны 7 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Сот үкімімен олардан 50 жәбірленушінің пайдасына жалпы 1 млрд 582 млн теңге көлемінде материалдық шығын өндіріліп, мемлекеттік баж бен сот шығындарын өтеу міндеттелді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью