Перу уақытша президентін сайлады

19.02.2026

Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Конгресс дауыс беруінің нәтижесінде Перудің уақытша президенті болып солшыл көзқарастағы депутат Хосе Мария Балькасар сайланды. Ол бұрынғы уақытша президент Хосе Херидің орнына келді, деп хабарлайды АА.

80 жастағы Балькасар ең көп дауыс жинап, 28 шілдеге дейін мемлекет басшысының міндетін атқарады. Осылайша ол соңғы 10 жылда елді басқарған тоғызыншы тұлға болды.

Алдағы президенттік сайлау шілде айына белгіленгендіктен, саяси партиялар өздерінің сайлауалды науқандарын бастап кетті.

Бұған дейін Конгресс Хосе Хериді қызметінен босатқан еді. Перу БАҚ-тарының хабарлауынша, оның отставкасына қытайлық кәсіпкерлермен жасырын кездесулері және мемлекеттік қызметкерлерді жұмысқа қабылдау кезіндегі заң бұзушылықтар себеп болған.

Бүгін, 11:02

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью