Перуде президенттік сайлау өтеді

12.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сайлау алдындағы сауалнамалардың нәтижесіне сәйкес, үміткерлердің ешқайсысы респонденттердің 20 пайыздан астам қолдауына ие бола алмаған. Ең танымал кандидат ретінде консервативтік «Халық күші» партиясының жетекшісі Кейко Фухимори аталады. Ол – 1990-2000 жылдары елді басқарған бұрынғы президент Альберто Фухиморидің қызы. Кейко Фухимори бұған дейін үш рет сайлаудың екінші кезеңіне өткен, алайда әр жолы жеңіліс тапқан.

Datum компаниясының 1-4 сәуір аралығында жүргізген сауалнамасына сәйкес, Фухимориден кейінгі орындарда оңшыл-орталық бағыттағы «Барлығы үшін ел» партиясынан үміткер ретінде түсіп жатқан комик Карлос Альварес пен Перу астанасының бұрынғы мэрі Рафаэль Лопес Алиага тұр. Соңғысы оңшыл бағыттағы «Халықтық жаңару» партиясын басқарады.

Бірінші кезеңде жеңіске жету үшін кандидат сайлаушылар дауысының жартысынан көбін алуы тиіс. Егер мұндай нәтиже тіркелмесе, 7 маусымда Перуде сайлаудың екінші кезеңі өтеді. Оған ең көп дауыс жинаған екі үміткер қатысады.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та 14 жастағы жасөспірім штат губернаторы сайлауына үміткер атанғанын жаздық. 

Ал Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі Құрылтай сайлауы тамыз айында өтетінін мәлімдеді.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью