Песков: Ресей ешқашан Үшінші дүниежүзілік соғысты бастамайды

07.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

«Ресей өте үлкен әрі өте жауапты мемлекет. Сондықтан ол Үшінші дүниежүзілік соғыстың бастамашысы болмайды», деді Песков.

Сонымен қатар ол Ресейдің Украинадағы «арнайы әскери операциясы» Батыс елдерінің Киевке қару-жарақ жеткізуіне байланысты толыққанды соғысқа ұласқанын айтты.

Песковтың пікірінше, уақыт өте келе Ресей мен Еуропа арасындағы диалог қайта жанданады. Оның айтуынша, онсыз Еуропа құрлығындағы жаңа қауіпсіздік архитектурасын қалыптастыру мүмкін емес.

Кремль өкілінің айтуынша, АҚШ-тың Украинадағы жағдайды бейбіт арнаға бұруға бағытталған күш-жігері нәтижесін береді деген үміт бар. Ресей АҚШ-пен жұмыс арналары арқылы байланысын жалғастырып отыр.

«Кем дегенде, Ресей президенті бірнеше рет айтқандай, біз бұл бағыттағы диалогқа әрдайым ашықпыз», – деді Песков.

Бұған дейін Песков Ресей армиясының майдандағы жетістіктеріне қарамастан, Мәскеу Украина бойынша бейбіт келіссөздерге ашық екенін айтқан болатын.

Сонымен қатар Песков Франция президенті Эммануэль Макрон Ресей президенті Владимир Путинге қоңырау шалуға қатысты берген уәдесін орындайды деп үміттенетінін жеткізді.

«Біз бұдан әрі де диалогқа ашық боламыз. Сондай-ақ Макрон көптеген мәлімдемеден кейін ақыры телефон тұтқасын алып, президент Путинге қоңырау шалады деп сенеміз. Бір аптадан, бір айдан немесе бір жылдан кейін хабарласатынын қайталай бермей, нақты қадамға барады деп күтеміз», деді Песков.

Ол Ресей тарапы бұл мәселеде «сабыр сақтап, сол қоңырауды күтетінін» де атап өтті.

Альмира Еслямбекова

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью